Өз қолымен қойылған қолдың баламасын қолдану туралы келісім

Өз қолымен қойылған қолдың баламасын қолдану туралы келісім

 

«Aventus Kazakhstan (Авентус Казахстан)»

ЖШС бас директорының 2018 жылғы "17" шілдедегі 133 бұйрығымен бекітілді және Серіктестіктің сайтында орналастырылды

 

2018 жылғы "23" шілдеден бастап қолданылуы тиіс

 

Өз қолымен қойылған қолдың баламасын қолдану туралы келісім

Осы Келісім «Aventus Kazakhstan (Авентус Казахстан)» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) және осы Келісімнің шарттарына қосылған www.kredit7.kz сайтының пайдаланушылары (бұдан әрі - Өтінішкер/Қарыз алушы) арасында құжаттармен алмасу барысында өз қолымен қойылған қолдың баламаларын қолдану шарттарын анықтайды.

www.kredit7.kz сайтында "ӨҚБ қолдану туралы Келісімнің шарттарын қабылдау" өрісінде белгіні қойып, осы сайтты одан әрі қолданып, пайдаланушы осы Келісімнің шарттарына сөзсіз қосылады. Осы Келісімнің шарттарына қосылмаған Өтінішкер/Қарыз алушы, Қарыз Шарттарын жасасуға арналған Өтініш/Оферталарды ресімдеу үшін www.kredit7.kz сайтының атқарымдық мүмкіндіктерін қолдануға құқылы емес. 

1. Терминдер және анықтамалар

 1.1. Осы Келісімде атап өтілген және қолданылатын терминдер мен анықтамалар келесі мәндерге ие:

ӨҚБ - өз қолымен қойылған қолдың баламасы, ол ретінде Келісімнің және Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарына сәйкес түзілетін қарапайым электрондық қолтаңба қарастырылады.

Қарыз Шарты - «Aventus Kazakhstan (Авентус Казахстан)» ЖШС-не Қарыздарды беру және қызмет көрсету туралы Ережелерге сәйкес ресімделген, мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында, Шартты жасасу туралы Өтінішкердің/Қарыз алушының Серіктестік тарапынан Акцепттеу арқылы Тараптар арасында жасалған Шарт.

Қарыз - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тұтынушылық мақсаттарға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарына Қарыз Шартының талаптарына сәйкес Серіктестік тарапынан Өтінішкерге/Қарыз алушыға Қазақстан Республикасының валютасы - теңгеде берілген ақшалай қаражат.

Өтінішкер/Қарыз алушы - Өтінімде баяндалған және Келісімнің шарттарына қосылған Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан жасалған ұсыныстың (Офертаның) негізінде, Серіктестікпен Қарыз Шартын жасасқан жеке тұлға.

Өтінім - Қарыз Шартын жасасу туралы Оферта түрінде Серіктестікке Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан ұсынысын қамтитын, нысаны Серіктестіктің ресми сайтында орналасқан құжат.

Тіркелген нөмір - сайтта Өтінімді берген кезде немесе одан кейін, белгіленген ресімге сәйкес Өтінімнің деректерін өзгерткен кезде Өтінішкер/Қарыз алушы көрсеткен және растаған Өтінішкер/Қарыз алушының ұялы телефонының нөмірі.

Тіркелген пошталық жәшік - сайтта Өтінімді берген кезде немесе одан кейін, белгіленген ресімге сәйкес Өтінімнің деректерін өзгерткен кезде Өтінішкер/Қарыз алушы көрсеткен Өтінішкер/Қарыз алушының электрондық поштасының мекенжайы.

Сәйкестендіргіш - жүйемен автоматты түрде қалыптасатын және электрондық құжаттарға қол қою үшін СМС-код түрінде Қарыз алушыға берілетін бірегей нышандық код. Сәйкестендіргіш жүйеде қол қойылатын электрондық құжатқа автоматты түрде қосылады және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына сай өз қолымен қойылған қолдың баламасы болып табылатын Қарыз алушымен анықталған тиісті құжатқа қол қою фактісін растайды. СМС-код, Серіктестікпен қашықтан өзара іс-қимыл жасау барысында электрондық құжаттарға қол қою үшін Өтінішкер/Қарыз алушымен қолданылады.

Жеке кабинет - Қарызды алумен және қайтарумен, сондай-ақ Қарыздың Шарты туралы ақпаратты алумен байланысты Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан әрекеттер жасауға арналған сайттың жария қолжетімділіктен жабық бөлімі.

Логин - Өтінішкердің/Қарыз алушының тіркелген телефон нөмірімен немесе электрондық поштасымен сәйкес келетін, Өтінішкер/Қарыз алушыға Жеке кабинетке қолжетімділік ұсыну мақсатында оны сәйкестендіру үшін қолданылатын нышандық белгілеу.

Оферта - Серіктестікке жіберілетін, Өтінімде бар «Aventus Kazakhstan (Авентус Казахстан)» ЖШС-не Қарыздарды беру және қызмет көрсету туралы Ережелердің шарттарына Қарыз Шартын жасасу туралы Өтінішкер/Қарыз алушының ұсынысы емесе Қарыз Шартының әрекет мерзімін ұзарту туралы ұсыныс.

Құпия сөз - Өтінішкер/Қарыз алушымен жасалған немесе Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан сайтта тіркелген барысында ұсынған немесе кейін анықтаған және Өтінішкер/Қарыз алушыға Жеке кабинетке қолжетімділік ұсыну мақсатында оны сәйкестендіру үшін қолданылатын құпиялы нышандық белгілеу.

Тіркелу - нәтижесінде Өтінішкер/Қарыз алушы сәйкестендіріліп, оның профилі жасалатын Серіктестікке ақпаратты жіберу үдерісі.

Сайт - www.kredit7.kz мекенжайы бар Интернет желісіндегі ресми сайт.

Сервис - Өтінішкерге Қарыз Шартын жасасуға арналған Офертаны ресімдеуге, сондай-ақ Серіктестікпен электрондық нысанда өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін сайтта орналасқан онлайн-сервис.

Келісім - ӨҚБ қолдану туралы осы келісім.

Сәйкестендіру құралдары - Өтінішкер/Қарыз алушы Жеке кабинетті қолданған кезде оны сәйкестендіруге арналған және Өтінішкер/Қарыз алушының Жеке кабинетке кіруіне қажет логин және құпия сөз.

1.2. Осы Келісімде қолданылатын өзге де терминдер мен сөйлемшелер оларға Қазақстан Республикасының Заңнамасымен берілетін мәнге ие.

2. Келісімнің мәні

2.1. Осы Келісім тараптар арасында электрондық құжаттармен алмасу үшін сайтты қолдану барысында, сондай-ақ Қарыз Шартын жасасу, өзгерту және орындау үшін Өтінішкер/Қарыз алушының ӨҚБ қолдану тәртібі мен шарттарын анықтайды. Сонымен қатар, осы Келісім сайтты қолдана отырып электрондық құжаттарды қалыптастырумен, жіберумен және алумен байланысты туындайтын тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

2.2. Тараптар арасында электрондық іс-қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, Серіктестік Өтінішкер/Қарыз алушыға электрондық қолтаңба кілттерін береді, берілген кілттер тізілімін жүргізеді және жаңартады, жүйенің атқарымын қолдайды, сондай-ақ осы Келісіммен көзделген өзге де әрекеттер жасайды. 

3. ӨҚБ қолдану

3.1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 152-бабын басшылыққа ала отырып, тараптар, осы Келісімнің 3.2 тармағының талаптарына сәйкес келетін барлық құжаттар Өтінішкер/Қарыз алушының өз қолымен қойылған қолдың баламасымен қол қойылған деп саналатындығы туралы уәделесті.

3.2. Егер электрондық құжат келесі талаптардың жиынтығына сәйкес келсе, Өтінішкер/Қарыз алушының ӨҚБ-мен қол қойылған болып саналады:

3.2.1 электрондық құжат сайттың жүйесін қолдана отырып жасалды және (немесе) жіберілді.

3.2.2. электрондық құжаттың мәтініне Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан сайттағы арнайы интерактивті өріске енгізілген СМС-кодтың негізінде жүйемен генерацияланған код қосылған.

3.3. СМС-код Өтінішкер/Қарыз алушыға Серіктестік тарапынан тиісті коды бар СМС-хабарламаны (SMS) жіберу арқылы ұсынылады. СМС-коды бар хабарлама Өтінішкер/Қарыз алушының тіркелген нөміріне жіберіледі, тиісінше СМС-кодтың құпиялылығын сақтай отырып Өтінішкер/Қарыз алушыға жеке ұсынылған болып саналады.

3.4. СМС-код жүйені қолдана отырып жасалған және (немесе) жіберілген электрондық құжатқа қол қою үшін бір рет қолданыла алады. СМС-кодты ұсыну, Жеке кабинетті қолданумен немесе қолданусыз Серіктестікке жіберілген Өтінішкер/Қарыз алушының электрондық сұрауын алған кезде жүзеге асырылады. Электрондық кодқа қол қою үшін СМС-код қолданылмаса немесе 5 (бес) минут бойы сайтта басқа әрекеттерді жасаған кезде СМС-кодтың әрекет мерзімі аяқталады және Өтінішкер/Қарыз алушы қалаулы әрекетті жүзеге асыру үшін жаңа СМС-код алуы тиіс.

3.5. Тараптар, Өтінішкер/Қарыз алушының ӨҚБ-мен қол қойылған кез келген ақпарат Өтінішкер/Қарыз алушының өз қолымен қойылған қолтаңбасымен қол қойылған, қағаз тасығышындағы құжатқа тең мағыналы электрондық құжа болып танылатынын, тиісінше осындай құжатқа ұқсас заңи салдарды тудыратынын келісті. Атап айтқанда, осы Келісімнің 3.2 тармағындағы талаптарға сәйкес келетін электрондық құжатта айқындалған Өтінішкер/Қарыз алушының кез келген заңи маңызы бар ерік білдіруі, ол қағаз тасығышында жазып алынған кездегідей заңи салдарды тудырады.

4. Электрондық қолтаңбаны тексеру ережелері

4.1. Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан электрондық құжатқа қол қою фактісі келесі мәліметтерді салыстыру арқылы белгіленеді:

4.1.1. Электрондық құжатқа қол қою үшін қолданылған СМС-код және электрондық құжаттың мәтініне қосылған Сәйкестендіргіш.

4.1.2. белгілі бір Өтінішкер/Қарыз алушыға СМС-кодты ұсыну туралы жүйеде сақталатын ақпарат.

4.1.3. жүйенің электрондық құжаттарында автоматты түрде жазып алынған сайтты қолдану барысында Өтінішкер/Қарыз алушының белсенділігі туралы техникалық деректер.

4.2. тараптармен жасалған заңи маңызы бар әрекеттер туралы мәліметтерді сақтау мақсатында, Серіктестік жүйені қолдану барысында тараптармен жасалған, берілген және/немесе алынған электрондық құжаттарды сақтауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, Өтінішкер/Қарыз алушылардың белсенділігін хаттамалаудың (логтар жасау) автоматты жүйесі Өтінішкер/Қарыз алушылардың қайсысы және қай уақытта қандай да бір электрондық құжаттың қалыптастырғанын, оған қол қойғанын немесе жібергенін дәйекті түрде анықтау мүмкіндік береді.

4.3. Тараптар, осы Келісімнің 4.1 тармағында көрсетілген электрондық құжатты жасаған және оған қол қойған Өтінішкер/Қарыз алушыны анықтау тәсілі Қарыз алушыны дәйекті түрде сәйкестендіру және осы Келісімді орындау мақсаты үшін жеткілікті болып табылатыны туралы келіседі. 

5. Құпиялылық

5.1. Өтінішкер/Қарыз алушының міндеттері:

5.1.1. үшінші тұлғаларға оған бекітілген құпия сөз және ӨҚБ қалыптастыру мақсатында Өтінішкер/Қарыз алушы алған құпиялы СМС-кодты жарияламау, сондай-ақ бұл мәліметтерді құпияда сақтауға қажетті барлық шараларды қабылдау.

5.1.2. тіркелген нөмірді қолдану, сондай-ақ шаралар қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін SIM-картаны үшінші тұлғаларға бермеу. Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан бақылауды жүргізбей, үшінші тұлғалар аталған SIM-картаны қолдану мүмкіндігін алмауы үшін қажет.

5.1.3. үшінші тұлғаларға тіркелген пошта жәшігіне қолжетімділік бермеу, сондай-ақ осындай қолжетімділікке қажет ақпарат (логин және құпия сөз) үшінші тұлғаларға мәлім болмауы үшін барлық шараларды қабылдау.

5.1.4. Серіктестікке осы Келісімнің 5.1.1. және 5.1.3 тармақтарда көрсетілген мәліметтердің құпиялылығының бұзылуы, олардың құпиялылығының бұзылуында Өтінішкер/Қарыз алушыда күдіктердің туындауы немесе Өтінішкер/Қарыз алушы осы Келісімнің 5.1.2 тармағында көрсетілген SIM-картаға бақылауынан айырылғаны туралы дереу хабардар етеді.

5.2. Осы Келісімнің 5.1.4 тармағында көрсетілген хабарлама Серіктестікке Жеке кабинет арқылы немесе Тіркелген пошта жәшігінен электрондық хабарламаны жіберу арқылы (тиісті хабарлама Өтінішкер/Қарыз алушының төлқұжатының немесе жеке куәлігінің сканерленген көшірмесін қамтуы тиіс) немесе Серіктестіктің сайтында орналасқан байланыс телефондарына хабарласу арқылы жіберіледі.

5.3. Өтінішкер/Қарыз алушы 5.1.1 - 5.1.4 тармақшаларымен көзделген міндеттемелерді орындамауға байланысты туындай алатын барлық қолайсыз салдардың тәуекелін, сондай-ақ жоғарыда аталған ақпаратты алған үшінші тұлғалардың жосықсыз әрекеттерінің кері салдарымен байланысты тәуекелді өз мойнына алады.

5.4. Жүйе Өтінішкер/Қарыз алушыға бекітілген, Серіктестікпен қабылданған ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес Серіктестіктің уәкілетті қызметкерлеріне ғана қолжетімді СМС-код және құпия сөз туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

6. Тараптардың жауапкершілігі

6.1. Тараптар басқа тарапқа келтірілген шынайы нұқсанның сомасы шегінде осы Келісім бойынша өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік тартады.

6.2. Тараптың тиісті бұзушылық жасауда кінәсі жоқ екені дәлелденсе, Тараптар осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады. Осы тармақтың ережелері осы Келісімнің 5.2 тармағының ережелерін қолдануды қозғамайды.

6.3. Егер тиісті бұзушылық басқа Тараптың өз міндеттерін тиісінше орындамауымен негізделсе немесе еңсерілмейтін күштің жағдаяттарымен туындаса, Тараптар осы Келісім бойынша өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік тартады.

  7. Келісімге қосылу тәртібі және оны өзгертулер

 7.1. Осы Келісім шарттарының акцепті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 394-бабының 2 бөлігімен көзделген түрде, яғни осы Келісімнің 7.2 тармағындағы әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады.

7.2. Сайтта "ӨҚБ қолдану туралы Келісімнің шарттарын қабылдау" өрісінде белгіні қойып, осы сайтты одан әрі қолданып, Өтінішкер/Қарыз алушы осы Келісімнің шарттарына сөзсіз қосылады. Өтінішкер/Қарыз алушы Келісім шарттарын тек толық көлемде қабылдай алады.

7.3. Серіктестік осы Келісімнің шарттарын бір жақты тәртіпте өзгертуге (толықтыруға) құқылы. Келісімнің жаңа редакциясы www.kredit7.kz мекенжайы бойынша сайтта тиісті құжаттың жаңа редакциясын жариялау арқылы Өтінішкер/Қарыз алушының назарына жеткізіледі. Келісімнің жаңа редакциясы, тиісті редакция күшіне енген сәтке дейін сайтта тіркелген Өтінішкер/Қарыз алушыларға қатысты қолданылмайды. Егер Өтінішкер/Қарыз алушы жаңа редакциядағы Келісім күшіне енген соң Қарыз Шартын жасасуға арналған Өтінім/Офертаны ресімдеуді бастаса, жаңа редакциядағы Келісімнің шарттарын қабылдаған болып танылады. Аталған әрекеттер, Өтінішкер/Қарыз алушы тарапынан жаңа редакциядағы Келісімді қабылдауға келісім бергенін куәландыратын бағдарлы іс-қимыл ретінде қарастырылады.  

8. Қорытынды ережелер

8.1. Өтінішкер/Қарыз алушы Сервисті қолдануының барлық мерзімі бойы Келісім өз заңды күшін сақтайды.

8.2. Осы Келісім әрекетін тоқтатқан соң Өтінішкер/Қарыз алушы Қарыз Шартын жасасуға арналған Өтінім/Оферталарды ресімдеу үшін сайтты қолдануға құқылы емес. Аталған мақсат үшін сайтты одан әрі қолдану Өтінішкер/Қарыз алушы осы Келісімнің шарттарына қосылған жағдайда ғана мүмкін.