Құпиялылық саясаты

 

«Aventus Kazakhstan (Авентус Казахстан)»

ЖШС бас директорының 2018 жылғы "17" шілдедегі 133 бұйрығымен бекітілді және Серіктестіктің сайтында орналастырылды

 

 2017 жылғы "23" шілдеден бастап қолданылуы тиіс

 

Aventus Kazakhstan (Авентус Казахстан)

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ

СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ


Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі - Саясат), пайдаланушы www.kredit7.kz (бұдан әрі– Сайт) сайтына кірген кезде ақша қарызын алуды қамтитын, пайдаланушы Серіктестіктің қызметтерін қолдану немесе қолдануға талпыныс жасау барысында, пайдаланушы туралы «Aventus Kazakhstan (Авентус Казахстан)» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) және/немесе оның үлестес тұлғалары алатын барлық ақпаратқа (дербес деректерге) қатысты әрекет етеді. Серіктестіктің бас директоры бекіткен сәттен бастап саясат күшіне енеді.

Серіктестіктің қызметтерін қолдану пайдаланушының осы Саясатпен және оның дербес деректерін өңдеу шарттарымен сөзсіз келісетіндігін білдіреді. Серіктестік кез келген уақытта осы Саясаттың бөліктерін бір жақты тәртіпте өзгертуге, қосуға және/немесе жоюға құқылы. Саясатқа барлық өзгертулер оларды Серіктестіктің Директоры бекіткен соң және Сайтта орналастырған соң бірден күшіне енеді.

Бұл шарттармен келіспеген жағдайда, пайдаланушы Серіктестіктің қызметтерін қолданудан қалыс қалуы тиіс.

 1. Дербес деректерді жинау, сақтау және өңдеу

1.1. Серіктестік, пайдаланушы сайтта тіркелген және сауалнаманы толтырған кезде өзі ұсынатын немесе пайдаланушының дербес деректерін қоса алғанда қызметтерді қолдану барысында алатын дербес деректерді жинайды және сақтайды. Қарызды беруге (қызметтерді көрсетуге) үшін міндетті ақпарат арнайы түрде белгіленген. Өзге ақпарат пайдаланушымен оның қалауы бойынша ұсынылады.

Сондай-ақ, Серіктестік Сайттың беттеріне кірген кезде пайдаланушылар туралы сәйкестендірмейтін дербес ақпаратты жинауға құқылы. Бұл ақпарат IP-мекенжайды, cookie жүйесінен ақпаратты, пайдаланушының браузері туралы ақпаратты (немесе Сайтқа ол арқылы кіретін өзге де бағдарлама), кіру уақытын, сұратылатын беттің мекенжайын, сондай-ақ пайдаланушының интернет-қызметтері провайдерінің домендік атауын қамтиды.

Серіктестік қызметтерді тікелей көрсетумен байланысты пайдаланушылардан ақпаратты да жинайды және сақтайды, бұл жіберілген және келісілген офертаны қамтиды.

Серіктестік пайдаланушы ұсынатын дербес деректің дәйектілігін тексеруге құқылы. Дұрыс емес ақпаратты ұсынудың салдары Офертада анықталған.

Пайдаланушы ол ұсынған дербес ақпаратты кез келген уақытта өзгерте алады. Пайдаланушы көрсетілетін қызметтің аясында тараптар өз келісімдерін жүзеге асырған соң дербес ақпаратты жоя алады.

1.2. Серіктестік Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес деректерді өңдейді. Өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін дербес деректер өңделуі тиіс. Серіктестікте өңделетін дербес деректердің мазмұны және көлемін өңдеудің мәлімделген мақсаттарына сәйкес келеді.

Серіктестік қарыздарды беру мақсатында дербес деректерді өңдейді.

Серіктестік қызметтерді көрсету мақсатында пайдаланушыдан алған пайдаланушының кез келген дербес ақпараты пайдаланушының меншігі болып қалады. Өз дербес деректерін Серіктестікке беріп, пайдаланушы оны заңды қолдану мақсатында Серіктестікке аталған дербес ақпаратты қолдану құқығын ұсынады, атап айтқанда (қоса алғанда бірақ онымен шектелместен):

1) Қарыз беру;

2) Пайдаланушының рұқсатымен үшінші тарапқа ақпарат беру;

3( Қарыз шарты бойынша келісімдердің орындалуын қадағалау;

4) Жарнамалық ұсынымдарды, соның ішінде үшінші тұлғалардың жарнамалық ұсынымдарын көрсету.

2. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу және оны үшінші тұлғаларға берудің шарттары

Дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде Серіктестік дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады.

Серіктестік төмендегі жағдайларда пайдаланушының дербес деректерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы:

- дербес ақпаратты беру пайдаланушыға қызмет көрсету үшін қажет болса және пайдаланушы осындай әрекеттерге өз келісімін берсе;

- дербес ақпаратты беру Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделсе;

 - пайдаланушы онымен жасалған Қарыз шартын бұзған кезде, Серіктестіктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін.

 3. Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау

Серіктестік пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау үшін қажетті техникалық және ұйымдық шараларды қабылдайды. Бұл шаралар ақпаратқа заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуді, сондай-ақ оны жою, өзгерту, көшіру, тарату және/немесе қаскүнемдердің өзге заңсыз әрекеттерінің алдын алу бойынша шараларды қамтиды.

Серіктестік жаңа технологияларды дамыту шамасына қарай ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін күшейтуді тұрақты түрде жалғастыруда.